«МҮЛІК-АВТОКӨЛІК» бағдарламасы
- Кооперативке кіріп және үлеспұлдық жарна келісім – шартына бекіткеннен кейін, Пайшы төмендегі тәртіпте салымды төлейді:
Жеке тұлғалар үшін кіру жарнасы:
– Жылжымалы мүліктің құнынан 10% (он пайыз).
Заңды тұлғалар үшін кіру жарнасы:
– Жылжымалы мүліктің құнынан 12% (он екі пайыз).
Пай жарнасы:
– 20% (жиырма пайыз), жылжымалы мүліктін құны 1 000 000 (бір миллион) теңгеден 6 000 000 (алты миллион) теңгеге дейін.
– 25% (жиырма бес пайыз), жылжымалы мүліктін құны 6 100 000 (алты миллион бір жүз мың) теңгеден 12 000 000 (он екі миллион) теңгеге дейін.
– 30% (отыз пайыз), жылжымалы мүліктін құны 12 100 000 (он екі миллион бір жүз мың) теңгеден 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеге дейін.
Жылжымайтын мүлікті сатып алуға несие алу үшін кезектілік жүйесінде күтудің ең ұзақ мерзімі 8 (сегіз) айдан 18 (он сегіз) айға дейін құрайды.
Жылжымалы мүлікті сатып алуға арналған Несиенің ең ұзақ мерзімі (төлем кестесі) :
– 1 000 000 (бір миллион) теңгеден 10 000 000 (он миллион) теңгеге дейін, 60 (алпыс) ай;
– 10 100 000 (он миллион бір жүз мың) теңгеден 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеге дейін, 84 (сексен төрт) ай;
Автоөкөлік сатып алуға несиені пайдалану шарттары
1.1. Автокөлікке несие мақсатты болып табылады және келесі жағдайларда ғана автокөлікті немесе арнайы техниканы сатып алуға пайдаланылады:
– Сатушының меншік құқығын тіркеу туралы жазба, сатып алынатын автокөліктің көлік құралының паспортында немесе көлік құралын тіркеу туралы басқа құжатта қамтылған;
– Автокөлік кез-келген ауыртпалықтан, заңды даулардан және үшінші тұлғалардың басқа да талаптарынан босатылған;
– егер Үлескер мен кооператив арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, автокөлік Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеледі;
– Автокөлік апатты жағдайда болмаған (рұқсат етілген техникалық кемшіліктердің болуы Кооперативпен келісіледі);
Автокөліктін жасы (шығарылған күні):
а) Ресейлік, Өзбек өндірісінің автокөліктерінің жасы – 10 (он) жылдан аспаған болу керек.
- b) Шетелдік өндірісінің автокөліктері және Ресейлік өндірісінің арнайы техникалары – 20 (жиырма) жылдан аспаған болу керек.
– Кооператив автомобильдің таңдалған нұсқасымен келіседі.
Қайта қаржыландыру қарызын пайдалану шарттары.
1.2. Автокөлікті сатып алу үшін пайдаланылатын несиені, қайта қаржыландыруға арналған несие мақсатты болып табылады және тек төмендегі шарттар бойынша тиісті несие бойынша міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылуы тиіс:
-Үлескердің меншік құқығын тіркеу туралы жазба сатып алынатын автокөлік құралының паспортында (немесе басқа көлік құралының тіркеу құжатында) бар;
– Қарыз бойынша өтелетін несиелік міндеттемелердің шеңберінде кепілдікті қоспағанда, жылжымалы мүлік кез-келген ауыртпалықтан, заңды даулардан және үшінші тұлғалардың басқа да талаптарынан бос болуы керек;
– автокөлікті Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша Үлескерге тіркеледі;
- Автокөлік апатты жағдайда болмаған (рұқсат етілген техникалық кемшіліктердің болуы Кооперативпен келісіледі);
– егер мақсатты емес тұтынушылық несиелерге қайта қаржыландыру жүргізілсе, алынған заемдар (қарыздар) және автокөлікті сатып алу сәтінің арасындағы кезең 30 күннен аспауға тиіс;
– қайта қаржыландыруға заңды немесе өзге де объективті шектеулер жоқ;